Cargo System

Жүк тасымалдауымен айналысатын компанияларған арналған бірегей жүйе, клиенттер трек-кодтарын өздері тіркейді, сәлемдеменің қайда келе жатқанын өздері көріп отырады.

01
Жүйенің ерекшеліктері

Cargo System

  • Барлық браузерде жұмыс істейді
  • ".kz" бірінші деңгейлі домен + хостинг (1 жылға)
  • Barcode Сканер арқылы енгізу
  • 1000+ трек-кодты бір жолда импорттау
  • Көп тілділік мүмкіндігі(Қазақ, Орыс, Қытай, Ағылшын...)
  • Кемелді Админ панелі бар
  • Клиенттерге арналған жеке панелі бар
  • Қазақстанның барлық қалаларымен елдімекендерін қамтиды
  • Клиенттің қолына жеткен сәлемдеме архивта сақталады
  • Сәлемдеме келгенде WhatsApp арқылы хабарлама жіберуге болады
  • Сайтқа клиент тіркелгенде Telegram Bot арқылы хабарлама келеді
  • Қосымша фукциялар қосуға болады
  • Android және iOS қосымшаларын жасауға болады

Сайт Laravel фреймворк негізінде PHP+MySQL арқылы жасалған, өте жылдам жұмыс жасайды.

Сайт виртуалды серверде тұрады, DDoS шабуылынан қорғалған, қауіпсіздігі жоғары.

Бір сәтте 1000 астам трек кодты импорттауға болады, ол сіздің уақытңызды үнемдейді.

Трек кодтарды статусына қарай сараптап, Excel форматында экспорттауға болады.

02
Стандартты схема

Түсінікті логика негізінде

Жүйе дұрыс жұмыс жасау үшін оның логикасы дұрыс әрі түсінікті болуы тиіс. Біз Карго компанияларға арналған стандартты схема негізінде Cargo System жүйесін жасадық, қазіргі таңда 10 астам компания біздің жүйе арқылы жұмыс жасауда.

Клиент сіздің Cargo System сайтыңызға тіркелгеннен кейін сіздің қытайдағы қоймаңыздың мекенжайын көре алады, сосын Pinduoduo, Alibaba, 1688 сынды қытайдың ішкі нарығына арналған дүкендерді керекті затын алып сіздің қытайдағы қоймаға жібереді, содан кейін трек кодты сайтқа жеке кабинет арқылы тіркеп қояды..

Клиент тіркеген трек-кодқа тиесілі сәлемдеменің сіздің қытайдағы қоймаңызға келген уақыты, Алматыдағы қоймаға келген уақыты, өз қаласына жеткен уақыты сонымен қоса клиент сәлемдемені алған уақты жүйеде анық жазылады. Клиент сәлемдемесін алып кеткеннен кейін тасымалы аяқталған трек-код архивта сақталады.

Жұмыстың процессі

Жүйелі 4 қадам

Клиент сіздің Каргоға тіркеліп, келісім шартқа отырғаннан кейін трек-код тіркей алады, сосын сәлемдемелері келсі қадамдар арқылы қолына жетеді.

01 - қадам

Клиент трек-кодты тіркейді

02 - қадам

Сәлемдеме Қытайдағы
қоймаға келеді

03 - қадам

Сәлемдеме Алматы немесе
басқа қаладағы қоймаға келеді

04 - қадам

Клиент сәлемдемені алады

03
Сайт ашуға тапсырыс жасау

Cargo System арқылы сайт ашыңыз

Сіз жеке сайт ашу арқылы клиенттердің өз сәлемдемелерін бақылауына мүмкінді жасайсыз, жұмысыңыз жүйеленеді, клиент базаңыз қалыптасады.